Астана мен Ұлан-Батыр арасында әуе рейсі іске қосылды

Бүгін, 17:28 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстандық SCAT әуе компаниясы Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында тікелей тұрақты әуе қатынасын іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейс 2026 жылғы 2 маусымда ашылды. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады. Жолаушылар заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен тасымалданады.

Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік астанасынан да әуе қатынасы кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта Hunnu Air әуе компаниясы Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша аптасына үш рет тұрақты рейстер орындайды. Ал биылғы 6 маусымнан бастап бұл бағыттағы рейстер саны аптасына төрт ретке дейін ұлғайтылмақ.

Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екі негізгі бағыт бойынша жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына алты рейске дейін артады.

Ведомствоның мәліметінше, Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін береді.

 

Тэгтер:

Астана Ұшақ Рейс әуе рейсі Ұлан Батыр