Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова бірге көзге түсті (ФОТО)

Бүгін, 20:31 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова қызы Айымның мектеп бітіру кешіне бірге барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл қуанышты сәт туралы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қызына жүрекжарды тілегін арнады.

"Менің әлемге ғашық Айымым мектеп бітірді. Ақ колготки, ақ бантик тағып, ақ күртешеңді өтектеп, оқу-құралдарыңды түгендеп, күнде таңда оятып, еркелетіп сабағыңа апарған әр сәтіміз есімде. Достарың да көп, білімге де құштар болып, мектептің де әр іс-шарасында белсенді қатысып, жүлделі орындар алып жүрдің. Тәттім менің, оқушылық кезеңіңді ақылмен, санамен аяқтағаның үшін, әр жетістігіңмен мені аналық бақытқа бөлегенің үшін рақмет. Өзіңнің дара жолыңды тауып, еліңе, қоғамға пайдалы ұрпақтан бол", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұрынғы ерлі-зайыптылардың қызының маңызды күнінде бірге болғанына жылы пікір білдіріп жатыр. Көпшілік олардың ата-ана ретінде Айымның қуанышына ортақтасқанын құп көріп, ақ тілектерін жазуда.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқанова