Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаева сахнадан кетуге қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі Qazaqstan ұлттық арнасындағы "1001 түн" бағдарламасында шығармашылық жолын дер кезінде аяқтаудың маңызды екенін жеткізді. Әншінің сөзінше, ол 50 жылдық шығармашылық кешінен кейін сахнамен қоштасуды ойлап жүр.
"Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін. Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың", – деді әнші.
Бұған дейін Роза Рымбаева "Соңғы рет қашан жыладыңыз?" деген сұраққа шынайы жауап беріп, жан сырын ақтарған еді.