"Паспортымды алып қойды": Шетелде ұсталған Қайсар Қамза ел алдына шықты (ВИДЕО)

30 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
Ашық дереккөзден. Суретте: Қайсар Қамза

Желіде біраз уақыт көрінбей кеткен блогер Қайсар Қамза видео жариялап, өзіне қатысты тараған ақпараттарға түсініктеме берді, деп turkystan.kz тілшісі Tizgin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогердің айтуынша, ол Вьетнамда жүр және өзіне ешқандай қамау шарасы қолданылмаған.

"Че там, қалайсыңдар!? Ассалаумағалейкүм, ағайындар! Көрінбей, жоғалып кеттіңдер десең, иә? Вьетнамда сол, экстрадация ма, сот па, бірдеңе болып жатыр. Ешкім кеп, қамап, соттап жатқан жоқ. Просто, миграция жағынан паспортымды алып қойды. Дұғада бодыңыздар, жақсы күндерде жолығайық", – дейді блогер.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қамза Қайсар Бақытжанұлының Вьетнамда ұсталғаны туралы мәлімет таратқан болатын.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казино жарнамаларын жүйелі түрде жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға тартқан. Тергеу мәліметтері бойынша, ол осы әрекеттер арқылы 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Аталған қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмияндарына аударылып отырған.

Тэгтер:

блогер видео шетел Қайсар Қамза