Қазақстандық актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде жағымды жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі ұзақ уақыт бойы жинақталған қарыздарын толық өтеп, өмірінде жаңа кезең бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актердің айтуынша, соңғы екі жыл ішінде түрлі қиындықтарға байланысты көпшілік алдына жиі шыға алмаған. Енді барлық қаржылық мәселелерін шешіп, жаңа бастамаларға дайын екенін жеткізді.
"Енді шын мәнінде жаңа өмір бастаймын. Соңғы екі жылда сіздердің алдарыңызға шыға алмадым, себебі мазасыз кезең болды. Алланың қалауымен барлық қарыздан құтылдым", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл хабарды жылы қабылдап, актерге қолдау білдіріп, ақ тілектерін жолдады. Пікір қалдырғандардың қатарында Бауыржан Бекмырза да болып, әріптесіне әзіл аралас құттықтауын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев 2024 жылы актер Шерхан Пірназарға қажылық сапарына жолдама сыйлауға уәде берген еді. Көпшілік оның сол уәдеге байланысты қаржылық міндеттемелері болғанын болжаған. Енді актер бұл міндеттерден толық арылғанын мәлімдеп отыр.
Желіде оқырмандар бұл жаңалықты оның өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы деп бағалап, табыс пен береке тілеуде.
Бұған дейін Жахан Отарғалиев жүрегіне ең қатты тиген ауыр сөз туралы сұхбат барысында айтқан еді.