Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты

Бүгін, 17:24 / Алуа Арман
112

Бүгін Астанада он екі қабатты тұрғын үйде пәтер өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғын үй Есіл ауданындағы Бұқар жырау көшесінде орналасқан.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртпен күресіп жатыр. 7-қабаттағы пәтерде қою түтін байқалады.

«Өрт сөндіру оқпандары дереу берілді, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар 10 адамды эвакуациялады.

Нақтыланған мәлімет бойынша, ас үй бөлмесінде тұрмыстық техника, үй заттары мен жиһаз жанған.

Тэгтер:

Астана пәтер өрт Тұрғын үй