Алматы облысында Іргелі ауылындағы «Асыл Арман» тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің соңғы қабатындағы көршілес екі екі бөлмелі пәтерді шарпыған. Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс істеді. Өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ.
Баспалдақ арқылы 25 адам эвакуацияланды, оның жетеуі — балалар. Өздігінен 20 адам, оның ішінде бесеуі балалар, эвакуацияланды.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.