Жас шахматшы Алдияр Жарас әлем чемпионы атанды

Бүгін, 16:31 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Алматылық спортшы Алдияр Жарас 14 жасқа дейінгі шахматшылар арасында блиц бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы сапында ол турнир бойы үздік ойын көрсетіп, алғашқы турдан бастап көшбасшылықты қолға алды. Жарыс соңында алматылық шахматшы қарсыластарымен тең ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орын иеленді.

Турнир барысында Алдияр күміс жүлдегер – отандасы Сүлейман Ахметпен тең түсіп, сондай-ақ екі дүркін әлем чемпионы Марк Смирновпен кездесті.

18 жасқа дейінгі шахматшылар арасында рапид пен блицтен әлем чемпионаты биыл 15-20 сәуір аралығында Сербияның Врнячка-Баня қаласында өтті. Дүбірлі додаға 40 елден 437 қатысушы жиналды.

Айта кетейік, 14 жасқа дейінгі санатта қазақстандық спортшылар бірден екі жүлделі орынға ие болды.

Жалпы, Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алды. Оның 9-ы алтын. Командалық есепте ұлттық құрама бірінші орын иеленді. Бұл еліміздің аталған жарыстарға қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.

Тэгтер:

шахмат Алдияр Жарас