Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатов жайлы алғаш рет ашық пікір білдірді, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұхбат барысында өнер иесі тұңғыш қызы Әдеміні экс-жолдасымен бірге күтіп алғанын айтты. Сонымен қатар, қыздары сыйлаған 501 ақ раушан гүлдің Тұрсынбек тарапынан жіберілгенін де жасырмады.
"Әкелері беріп жіберуі керек. Қыздардан сұрасам айтпай қойды. Қызым Әдеміні әуежайдан күтіп алғанда Тұрсынбекті 1 жарым жылдан кейін бірінші рет көрдім. Амандастық. Сәлеміміз түзу болды", –деді өнер иесі.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қолданушылар арасында түрлі пікір тудырды. Көпшілік әншіге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін арнады. Бірі оған лайықты жан жолықсын деп тілесе, енді бірі өткенге қайта оралмауға кеңес берді.
"Тұрсын сияқты мықты біреу жолықсын", "Құрсыншы ары! Одан да жақсы жігіт тауып ал!", "Алла қаласа бәрі жақсы болады", "Қадіріңді білмегенге қарауға да тұрмайды", – деп жазды оқырмандар.