"Өте жақсы идея": Трамп Иранға Ормуз бұғазын бірге басқаруды ұсынды

Бүгін, 21:02 / Жамбыл Жайлау
Peter Kramer/NBC via Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын бірлескен жоба аясында басқару туралы ұсыныс жасады, деп turkystan.kz тілшісі ABC News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, бұл бастама теңіз жолының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Біз бірлескен кәсіпорын құруды қарастырып жатырмыз. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолы, соның ішінде бұғазды басқа қауіптерден қорғауға көмектеседі. Бұл – өте жақсы идея", – деді Трамп.

Сонымен қатар Ақ үй басшысы АҚШ әскері Таяу Шығыстан әзірге шығарылмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, америкалық күштер болашақта жасалуы мүмкін келісімдердің орындалуын бақылау үшін аймақта қала береді.

Айта кетейік, бұған дейін Вашингтон мен Тегеран арасында екі аптаға созылатын уақытша бітім туралы келісім жасалған. Осы мерзім ішінде Иран Ормуз бұғазында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттеме алған.

Тэгтер:

АҚШ Дональд Трамп иран