Ел ішінде танымал сериалдарымен танылған Гүлнұр Мамасарипова “Келінжан” деп аталатын кітап жазып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсер қуанышты жаңалығы жайлы әлеуметтік желіде жазды.
“Достар, бүгін мен үшін тарихи күн. Толқып кеттім, жүрегім алып-ұшып, Анашым есіме түсіп, сағыныштың сандығы ашылып, жасым бетімді жуып… “Келінжанның” бірінші маусымын түсіріп жатқанда мәңгілік мекеніне кетіп қалған еді. Сол естеліктер ойға оралды… Менің бірінші кітабым, әр парағы жүрегімде сайрап тұр. Маған қалың көрермен сыйлаған “Келінжан” енді қалың оқырман сыйлайды деп үміттенемін. Жоспар бойынша 28 наурызда шығуы керек болған, мен бейқам жүретін адаммын ғой, сөйтсем бүгін таңертең дайын деп хабарласып тұр. Сатылым, тарату жағына енді кірісемін. Барлық ақпаратты жариялаймын ғой. Тек шамалы уақыт керек. Қазір тек сол сүйінші сұрап отырмын шыдамай. “Бүгін жазушы болып ояндым” десем қалай?! Ал құттықтаңыздар!”, – деп жазды Г. Мамасарипова.