Тұрсынбек Қабатов қызымен бірге референдумда дауыс берді

Бүгін, 16:43 / Алуа Арман

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру учаскесіне қызымен бірге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар азаматтық борышын орындап, елдегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады.

«Бүгін қазақ елі үшін тарихи күн. Конституциямыздың жаңа жобасына дауыс беріп жатырмыз. Көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін! Қызым бірінші рет дауыс беріп тұр. Екеуміз келіп дауыс бердік. Қызым үшін де бүгін тарихи күн», – дейді ол.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов референдум Дауыс беру жаңа Конституция