Тұрсынбек Қабатовтың қызы Дубайдан оралды (ВИДЕО)

6 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Бірнеше күннен бері елге оралудың жолын таппай жүрген Әдемі Тұрсынбекқызы Қазақстанға келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде жазды. Ол қызын әуежайдан күтір алған. 

«Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Адемогым аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!», – деп жазды ол. 

Бұл оқиғаға желі қолданушылары да қуанышты екенін жасырмады. 

“Бірден Тұрсынбектің сторизін қарап кеттіппін ғой. Қызын қарсы алуға шықты ма деп”, “Жаным, көзіме жас келді”, “Қазақстанда оқи беріңдерші мына заманда” деп жазды желі қолданушылары. 

Тэгтер:

Дубай Тұрсынбек Қабатов