Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Дубай көшесінде ән шырқап жүрген видеосын жариялады

2 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Әлеуметтік желіде Әдемі Тұрсынбекқызының Дубайда түсірген видеосы тарала бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбаны танымал әзілкештің қызы өзі жүктеген. Кадрдан Әдемі Тұрсынбекқызының атақты Бурдж халифа ғимаратының жанында көлікпен келе жатқанын көруге болады. Жолда тоқтап тұрған сәтте түсірілген видеода ол "16 қыз" әнін шырқаған. 

"16 қыз - Айым Аманғали", - деп жазды ол видео сипаттамасына.

Мұны көрген желі қолданушыларының бірі алаңдаушылығын білдірсе, енді бірі таңданысын жасыра алмаған.

"Дубайда тыныш па екен?", "Аман бол, сұлу қыз!", "Сана биігіндегі қыз" деп жазды желідегі жұрт.

Тэгтер:

ән Дубай Тұрсынбек Қабатов Әдемі Тұрсынбекқызы