Михаил Шайдоровқа Астанадан екінші пәтердің кілті табысталды (ВИДЕО)

Бүгін, 20:04 / Өтей Торғайұлы

Жылжымайтын мүлік нарығында тоғыз жылдан бері келе жатқан ULYTAU Group компаниясы мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровқа елордадан екінші пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компанияның баспасөз қызметі пәтер табыстау сәті түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі парақшада жариялаған.

"Көптен күткен қуанышты күн — Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа пәтер кілтін табыстау, құрмет көрсету сәті", - деп жазылған бейнежазбаның сипаттамасында. 

Желі қолданушылары бұл сыйды спортшыға әбден лайық деп санайтынын жазды.

"Лайықты", "Миша үшін сондай қуаныштымыз. Саған барша жақсылықты тілеймін, алтын бала", "Сондай шынайы адам, өмірің сәттілікке толы болсын, Миша", "Құттықтаймын! Лайықты. Компанияға мың алғыс!", "Қандай әдемі қуанышқа толы күн", "Құтты қоныс болсын!" деп жазды көпшілік.

Тэгтер:

Астана пәтер Милан Михаил Шайдоров Олимпиада-2026