Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Айман Талғатқызымен түскен суреті әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Суретті Айман Талғатқызы өз парақшасында жариялаған.
"Адамдар негізі өзгерер, Өзгертетін оны өзгелер", - деп жазды Айман Талғатқызы.
Бұл жазбаға қатысты әлеуметтік желідегілер жылы лебіздерін білдірген.
"Әр әйел бақытты болуға лайықты", "Осы әйел маған ұнайды. Сабырлы, ақылды, мінезі жайлы, нәзік сияқты", "Уаау! Бақыт тілеймін!", "Маған екеуін көрген ұнайды" деп жазды көпшілік.