Михаил Шайдоров әйгілі рэпер Snoop Dogg-пен жолықты (ВИДЕО)

18 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемге әйгілі рэпер әрі продюсер Snoop Dogg-пен Милан көшесінде жолықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл күндері Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ құрамасының құрметті жаттықтырушысы ретінде барған рэпер Михаилды чемпиондық атағымен құттықтап, шексіз алғысын білдірді.

Кездесу сәтінде түсірілген бейнежазба Михаил Шайдоров пен Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында қатар жарияланған.

Желі қолданушылары бұл кездесу жайында түрлі пікір білдірген.

"Сенімен суретке түскеніне Snoop Dogg бақытты", "Деңгей! Біздің батыр!", "Сен не бүлдіріп жүрсің?", "Жаным, сары бала! Үстіндегі күртесін тастамай жүр ғой", "Құдай бере салған", "Ол бәріне бірдей қалай үлгеріп жүр", "Snoop Dogg-ты Шуға концерт қоюға шақыру керек" деп жазды спортшының жанкүйерлері.

Айта кетейік, Америкалық рэпер Snoop Dogg  2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының құрметті жаттықтырушысы болып тағайындалған. 

Тэгтер:

Олимпиада Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 Snoop Dogg