Рэпер Снуп Дог АҚШ Олимпиада құрамасының құрметті жаттықтырушысы болды

Бүгін, 18:22 / Ербұлан Қайрат
сурет: championat.com

Америкалық рэпер Снуп Догг 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының құрметті жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы АҚШ Олимпиада және паралимпиада комитеті хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz АҚШ Олимпиада комитетінің (USOPC) ресми сайтына сілтеме жасап.

Музыканттың міндеті – спортшыларды жарыс кезеңінен тыс уақытта қолдап, ынталандыру. Лауазым ерікті негізде енгізілген және АҚШ құрамасы тарихында алғаш рет беріліп отыр.

Снуп Догг Олимпиада аудиториясына бұрыннан таныс. Ол 2024 жылы Париждегі жазғы ойындарды NBC мен Peacock үшін репортаждап, Олимпиада алауын көтеріп өткен және жабылу салтанатында өнер көрсеткен. Сол жұмысы үшін ол екі «Эмми» жүлдесін алған.

Комитеттің мәлімдеуінше, Снуп Догг өзінің қоғамшылдық белсенділігімен, жастарға қолдау көрсетуімен және ерекше юморымен танымал. Сол қасиеттері АҚШ спортшыларын қосымша жігерлендіруге көмектеседі деп күтіледі.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.