Бөтен жерде неге дұрыс ұйықтай алмаймыз? – жапон ғалымдары себебін айтты

Бүгін, 18:47 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Қонақ үйде немесе жалға алынған пәтерде ұйқының қашуы – көпшілікке таныс құбылыс. Жапониядағы Нагоя университетінің зерттеушілері бұл жағдайға қандай нейрондар жауап беретінін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Эксперимент барысында ғалымдар жануарлардың ұйқысын басқаруға мүмкіндік алған. Нейротензиннің бөлінуі жасанды түрде тежелген кезде, тышқандар аз уақыт бұрын мазасыздық тудырған ортада да тез ұйықтап кеткен. Ал IPACL CRF нейрондары ынталандырылғанда, кеміргіштер табиғи циркадтық ырғақтарға қарамастан ұзақ уақыт сергек күйде қалған.

Бұл нәтижелер нейротензиндік жол ағзаның толық қауіпсіз екеніне "көз жеткізбейінше" босаңсуына мүмкіндік бермейтінін көрсетті. Зерттеу авторларының бірі, Нагоя университетінің ғалымы Дайсукэ Оно мұндай сақтық механизмі эволюция барысында қалыптасқанын айтады.

Ұйқы зертханаларында бөтен жердегі алғашқы ұйқы мидың бір жартышары белсендірек күйде қалатыны бұрыннан тіркелген. Ғалымдар мидың кеңейтілген миндалевидті аймағы мен қара субстанциясының анатомиясы сүтқоректілерде ұқсас болғандықтан, осындай нейрондық тізбек адамда да жұмыс істейді деп болжайды.

Бұл жаңалықтың медицина үшін маңызы зор. Посттравматикалық күйзеліс, жалпыламалы мазасыздық синдромы бар науқастар өз төсекте де үйінде де дұрыс ұйықтай алмайтынын жиі айтады. Олардың миы қауіпсіз ортаны қате түрде қауіпті деп қабылдап, дәл осы дабыл жүйесін іске қосуы мүмкін.

Зерттеушілер болашақта нейротензин рецепторларын тежейтін немесе IPACL CRF нейрондарының белсенділігін төмендететін дәрілер седативтік әсерсіз-ақ сау ұйқыны қалпына келтіруге көмектесуі ықтимал деп есептейді.

Тэгтер:

ғылым ұйқы