«Үлкен жолдағы алғашқы қадам»: Елдос Сметов жаттығу залынан бейнежазба жариялады (ВИДЕО)

Бүгін, 19:45 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзден

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Чемпион оқу-жаттығу жиынындағы үздік бейнежазбаларын бөлісті.

"Біздің 2 апталық оқу-жаттығу жиынымыз өз мәресіне жетті.
Бұл уақыт біз үшін оңай болған жоқ. Күн сайын жаттығу, күн сайын еңбек, күн сайын тәртіп.

Осы жиында біз көп нәрсе үйрендік, тәжірибе жинадық, өзімізді сынадық.
Бұл — үлкен жолдағы бірінші қадамымыз.
Біз сол қадамнан өттік деп сенімді айта аламыз.

Алда әлі талай жұмыс бар, талай дайындық, талай сынақ күтіп тұр.
Бірақ біз тоқтамаймыз.
Бұл тек бастамасы. Алға қойған мақсаттарымыз үлкен", - деді Елдос Сметов видео астындағы жазбада.

Тэгтер:

дзюдо Чемпион Елдос Сметов