"Тұрсынбек қартайыпты": Танымал әзілкештің әйелі күйеуінің неліктен егде көрінетінін айтты

22 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Айман Талғатқызы күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен түскен суретін желіде жариялаған соң көп сұрақтың астында қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аты-жөні белгісіз көп пікір иелерінің бірі "Тұрсынбек қартайыпты" дегенді жазған.

"Енді жүздің жартысына келді емес пе?!", - деп жауап берді Айман Талғатқызы.

Оның бұл жауабын қолдай кеткен оқырмандар да табылды.  Олар әзілкештің қартаймағанын, әлі де жас екенін айтқан.

"Тұрсынбекті көзбе-көз көрсең - жап-жас, салбыраған қарын жоқ. Кей 1979 жылғылар тым қатты әке болып кеткен. Бір май, бір ет болып... Ал Тәкең жап-жас. Концертін көріп едім", - деп жазды Ләйлә Абаймағанбетова есімді желі қолданушысы. Оның бұл жазбасына Айман: "Әп, бәрекелді! Айтып тастаңызшы солай" деп қарымта жауап қатқан.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов Айман Талғатқызы