Жұлдыз Әбдікәрімова орындалған арманы жайлы айтты

Бүгін, 00:06 / Өтей Торғайұлы
коллаж turkystan.kz

Танымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова Астана қаласынан пәтер сыйға тартқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова шығармашылығының шыңдалуына анасының үлесі зор екенін атап өтті.

"Бұл күнге жылдар бойы дайындалдым. Соңғы 5 жылда анашым мен үшін, балаларымның қамы үшін екі қаланың ортасында шапқылауда. Алматыға барып, әкемнің жағдайын жасап, тоңазытқышын тамаққа, бауырсақ пен самсаға толтырады да, Астанаға асығады. Себебі мұнда менің балаларым толық анашымның қамқорлығында, мейірімінде өсуде. Алаңсыз іссапарда жүріп, жұмыс істеп, шығармашылығымды шыңдауым осы кісінің қолдауының арқасында . Әкем өмір бойы мемлекеттік қызметте. Ғылым жолында инемен құдық қазып келеді. Ойы тұнық кезінде, бар білгенін шәкірттеріне үйретіп қалуды ең маңызды миссия санайды. Мен әкеммен толық келісемін. Ұстаздық етуден маңызды ештеңе жоқ. Демалысқа шығамын десе, Астанаға көшуге ұсыныс айтарым анық", - деді актриса.

Актриса бұл ой оған екі жыл бұрын келгенін жасырмады.

Соңғы жылдары өзім жалдамалы пәтерді көп ауыстырдым. Шыны керек шаршадым. Оңай емес. Менде үй күтушісі, балаларыма көмекші, көлік жүргізуші деген жоқ. Балаларды өзім тасимын. Анашым үйден шығарып салып, күтіп алып, қажет кезде еркелетіп, дер кезінде тәк деп отырады. Екі жыл бұрын жүрегімде арман пайда болды. Мақсат қойдым. Анашыма Астанамнан, өз үйіме жақын жерден пәтер сыйлаймын деп. Осы арманның арқасында талмай тірлік қылдым. Шүкір", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбада.

Айта кетейік, жақында актриса өзі де баспаналы болған еді. 

Тэгтер:

Отбасы үй Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова