"Қатырдым деп тұр ғой": Тұрсынбектің жұбайы жағымсыз пікір білдірген желі қолданушыларын масқаралады

19 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзіне тіл тигізгендерді әлеуметтік желіге фотоларымен және отбасылық суреттерімен қоса жариялап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желі қолданушыларының көбі танымал әзілкештің өз отбасын тастап, басқа әйелмен көңіл жарастырғанына өкпелі. Сондықтан болар Айман Талғатқызының әлеуметтік желідегі парақшаларына тыным жоқ. 

Кезекті пікір білдірген желі қолданушыларының бірі оған "Ол ештене емес қой. Сен сияқты соншама жыл жүзікше болып жүрген жоқ" деп жазған.

Бұған шамданған Айман Талғатқызы оны Instagram желісінің сториз бөліміне белгілеп, жауап қатқан.

"Тағы бір "батыр". Қатырдым деп тұр", деп келеке етті ол.

Сондай-ақ ол хат жазған адамның отбасылық суретін қоса жүктеген. Одан бөлек тағы бір адамның жазбасына реакция білдірді. 

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқан