Жанболат пен Жазира келін түсіргелі жатыр (ВИДЕО)

16 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың шаңырағында үлкен той болмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жазды.

"Болашақ құдаларымызбен танысу үшін шайға шақырдық", - деп жазды әнші.

Соған қарағанда жұлдызды жұптың жалғыз ұлы - Қазыбек сүйіктісімеен отау құратын тәрізді.

Алайда Жанболат пен Жазриа құдалары кім және қай жақтан екенін айтпаған. Ал өзі жариялаған видеода жұлдызды жұптың әріптестері мен өнердегі достары көбірек көрінеді.  Ал жаңа құдаларын көпшілік арасынан тап басып табу қиын. 

Тэгтер:

келін жанболат пен жазира