Мейрамбек Бесбаев Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді

2 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Мейрамбек Бесбаев Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

“МузАрт” тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев әйелімен ажырасқаны үшін біршама сын астында қалған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді

«Тұрсынбектің концерті керемет өтті. Құтты болсын!», – деп жазды М. Бесбаев.

Бұған риза болған Қабатов та үнсіз қалмаған.

«Ертең де күтеміз», – деп жазды әзілкеш жауап ретінде.

Айта кетейік, кейінгі айда Т. Қабатов Қазақстан бойынша гастрольдік сапармен өңірлер мен аймақтарды аралап шыққан. Ал 2-3 желтоқсан күндері ол Алматы қаласында өнер көрсетуді жоспарлаған.

Тэгтер:

әнші Мейрамбек Бесбаев Тұрсынбек Қабатов