Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде ой тастарлық жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өзі саяхат барысында түсірген теңіз бен ұшақтың видеосын жүктеп, оның сипаттамасына ойлы мәтін жазған.
"Өзі қысқа өмір. Бәрі бір өлетінімізді білеміз. Оның жартысын ойланумен өткізетін болсақ, тиімсіз", - деп жазды актриса.
Еске салсақ, бұған дейін актрисаның әлеуметтік желі арқылы кәсіпкер Алмаз Малдыбаевқа қолдау білдіргені туралы жазған едік.