"Шұжық қосылған бәліш": белгілі астроном жаңа 6 шоқжұлдызға тағамдардың атын берді

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: dailymail.co.uk

Британия аспанында алты жаңа шоқжұлдыз анықталды. Олардың атауы да, пішіні де нағыз думанды дастарханды елестетеді. Белгілі астроном Марк Томпсон Британия үстінен Sausage Roll, Chicken Nugget, Prawn Ring, Pig in Blanket, Mini Pizza және Cheese on a Stick (шұжық қосылған бәліш, тауық наггеті, асшаян шеңбері, таяқшадағы ірімшік, қамырға оралған шұжық, шағын пицца) деп аталатын жаңа шоқжұлдыздарды байқағанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz dailymail.co.uk-ға сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, осы аптада жұлдыздарға көз тастаған жан жаңа "дәмді" аспан денелерін анық көре алады. Ең қолайлы сәт – бейсенбі түні өтетін «Micro New Moon» құбылысы. Ай Жерден ең алыс нүктесінде болып, толығымен көлеңкеде қалады. Яғни түнгі аспан толық қарауытып, жұлдыздар ерекше жыпылықтайтын болады.

Бұл кезде аспанда нағыз мерекелік мәзір пайда болады: егіздер шоқжұлдызындағы Pig in Blanket-тен бастап, қысқы алтыбұрыштағы Prawn Ring-ке дейін бәрін көруге болады, – дейді Томпсон. – Рождестволық қарбаласты бір сәтке ұмытып, жылы киініп, аспанға көз салуға тамаша мүмкіндік.

Жаңа шоқжұлдыздар танымал жұлдыздар комбинациясынан тұрады. Мысалы:

• Chicken Nugget – Орион шоқжұлдызындағы Бетельгейзе, Беллатрикс, Минтака, Ригель, Саииф пен Альнитак жұлдыздарымен түзіледі. Оны бейсенбі күні сағат 22:00 шамасында оңтүстік–оңтүстікшығыстан көруге болады.

• Prawn Ring – екі сақинадан тұрады. Сыртқы сақина Капелла, Альдебаран, Ригель, Сириус, Прокеон және Поллукс жұлдыздарын біріктіреді. Ішкі бөлігі Альхена, Теят Постериор, Зета Тельце және Бетельгейзеден тұрады.

• Mini Pizza – Аурига шоқжұлдызындағы Капелла, Аль Каб, Эльнат, Тета Ауриге және Менкалинаннан түзіледі.

• Pig in Blanket – Егіздер шоқжұлдызын толық қамтиды: Кастор, Тау Геминорум, Мебсута, Теят Постериор, Альхена, Мекбуда, Уасат және Поллукс.

• Sausage Roll – Арыстан шоқжұлдызындағы Алджеиба, Эта Леонис, Регул, Чертан және Зосма жұлдыздары.

• Cheese on a Stick – Үлкен аю мен Кіші аю шоқжұлдыздарын жалғайды. «Ірімшігі» Үлкен аюдағы Дубхе, Мерак, Пхекда және Мегрезден тұрса, «таяғы» Кіші аюдағы Кохабқа дейін созылады.

Тэгтер:

аспан тамақ шоқжұлдыз