Белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жұртшылықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
«Қадірменді халқым, егер менің атымнан, менің берген интервьюімнің фрагменттерін, фотосуретімді пайдаланып қор ашылып, ақша жинау мәселесі көтерілсе, ол жалған ақпарат екенін ескертемін!
Мен Президентке үндеу жасадым, тергеудің объективті болуын, әділетті сот шешімін сұрадым, халқымнан қолдау сұрадым. Бірақ, маған ақша жинау немесе қор ашуды сұраған жоқпын. Сондықтан сақ болуларыңызды сұраймын!
Халқыма рақмет айтамын!», - деп жазды ол.