Жазу жазу арқылы мазасыздықты азайтуға болады

17 қараша, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Британ ғалымдары қарапайым жазба әдісінің көмегімен адамның уайым деңгейін төмендетуге болатынын анықтады. Psychological Reports журналында жарияланған зерттеу нәтижелері бойынша, адамның болашақтағы қорқыныштарын қаншалықты айқын елестете алуы оның өзін-өзі бағалауымен және мазасыздық деңгейімен тікелей байланысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Йорк Сент-Джон университетінің психологы Дженнифер Шевченко жетекшілік еткен топ 68 студентпен онлайн-зерттеу жүргізген.

Нәтижесінде ғалымдар үш негізгі байланыс тапты:
– қатты мазасыздық өзін-өзі төмен бағалаумен қатар жүреді;
– уайымшыл адамдар өз қорқыныштарын басқаларға қарағанда айқынырақ елестетеді;
– ал төмен өзін-өзі бағалау осындай қорқынышты бейнелердің айқын болуына әсер етеді.

Басқаша айтқанда, болашақтан қатты қорқу адамның өзін бағалауына кері әсер етіп, сол арқылы уайымды күшейтеді.

Ғалымдар тәжірибенің екінші кезеңінде шағын жазба жаттығуын ұсынған. Қатысушылар өз қорқыныштарын қағазға түсіріп, оларды логикалық тұрғыдан саралап жазған. Бұл қарапайым әдіс қысқа мерзімде мазасыздықты азайтып, өзін-өзі бағалауды көтеруге көмектескен.

Зерттеушілердің пікірінше, осындай жазба жаттығулары болашақта психологиялық терапияның қолжетімді әрі тиімді тәсілдерінің бірі болуы мүмкін.

Тэгтер:

мазасыздық жазу