«Зауытта жан тапсырды, мешіттен шығардық»: Арман Дүйсеновтің жары барлық шындықты айтты

Бүгін, 12:44 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы Арман Тасығанның «Талқылайық» арнасына сұхбат беріп, жарының өліміне қатысты барлық шындықты айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Үлкен ұлым Абылай екеуміз үйге ремонт жасап жатқанбыз. Жұмысшылармен кездесуге сатып алған пәтерімізге бардық. Өмірімізде бірінші рет черновой квартира алдық. Сол уақытта  Иманмәди Қалелхан қоңырау соғып, зауытқа тез жетуімізді сұрады. «Жедел жәрдем келе жатыр, Арманның жағдайы қиын» деді. Жолда келе жатқанда қайта-қайта қоңырау соқтым, ол кісі жауап қатқан жоқ. Біз зауытқа жеткен кезде жедел жәрдем тұрды. Ұлым екеуміз екінші қабатқа көтерілдік. Сол кезде уже Арманның бетін жауып тастаған. Не болғанын сұрағанымызда жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Ұлым тәуелсіз сарапшы шақырды. Тергеушілер мен Арманның барлық достары келді. Ол ешқандай жер төле емес, ешқандай студия да емес. Зауыттың территориясындағы екі қабатты ғимаратта жан тапсырған. «Бұл студия емес, Арман бұл жерге не үшін келді?» деп сұрадым. «Осы жердегі балалармен таң намазын оқу үшін дәрет алды, балалар сапқа тұрған кезде Арманның қисайып жатқанын көрген. Оятқанда оянбаған», деді. Маған солай айтты. Арманның барлық досы қасымда болды. Қазір біздің пәтеріміз черновой, қазір пәтер жалдап тұрып жатқанымызды айтып, бар мән-жайды түсіндірдік. Абылай пәтер иесімен сөйлесті, олар Арманның мәйітін әкелуімізге келіскен жоқ. Одан кейін ағама хабарласып, үлкен үйді жалға алдық. Ол жердің де Арманды ол жерге апаруымызға келіскен жоқ. Сол кезде қасымда болған балалар, Арманның достары «Ары-бері тасымай, осы жерден жуындырып шығарайық» деді. Арманмен араласқан Кеннжеәлі деген моолда кісі «Мешіттен шығарайық» деді. Менің де анам өзі бар болса да мешіттен шыққан. Мен үшін ол нәрсе жат дүние болып көрінген жоқ. Кейіннен ақпарат құралдары оның барлығын басқаша жеткізіп жатты», - дейді Айсұлу Айданқызы.

 

Тэгтер:

Арман Дүйсенов Айсұлу Айданқызы