Мөлдір Мұқан өзімен «тағдырлас» отбасылардың көптігін айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 20:44 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Продюсер желі оқырмандарына ой салды.

"Кез келген нәрсе орнына келеді. Қираған дүние де! Бастапқыдай болмаса да, әйтеуір шала-жансар қалпын ұстайды. Өмір тек өкініштерден тұрмайды. Әр мұңның артында қуаныш бар! Міндетті түрде. Кешегі күйік бүгін төзімге айналды. Кешегі көз жас бүгін даналық! Сондықтан, күліп-ойнап өмір сүре берейік! Соңғы жарты айда “тағдырлас” отбасылардың көптігін көріп, таң қалып жатырмын. Өмірде ештеңеге таң қалуға болмайды, бірақ. Отбасы деген шағын мемлекетті сақтауға менің тарихым әсер етсе екен деймін! Балалар жыламасын, махаббат құламасын! Ер адамдар менің желіде ашық көрінген сезімдерімді, оқиғамды көріп, үйдегі асыл жарларының күйін түсінсе екен. Әйелге тым көп жауапкершілік іліп қойған қоғам өзгерсе екен. Отбасын бұзуға дейін баратын әрекетке ар-ұят тосқауыл болса екен. Жанұя деген асыл ұғымның алдында жауапкершілікті әр отбасы мүшесі сезінсе екен!", - деді Мөлдір Мұқанова.

Тэгтер:

продюсер Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқанова