Алматыда жалғызбасты қария бір бөлмелі пәтерде 20-ға жуық мысық асырап, маңайының мазасын қашырған, деп хабарлайды turkystan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тұрғындарды жалғызбасты көршісі мезі қылған. болған. Пәтерде тұратын әжей бастапқыда бір ғана мысық асыраса, соңғы бес жылда үй жануарларының саны жиырмаға жуықтапты. Соның кесірінен тазалық деген атымен жоқ. Қала берді, айналаны сасық иіс басқан.
«Әжей үйінде 17 мысық асырайды. Екі күн бұрын пәтеріне кіріп көрдім. Ішінде адам тұрады деп айта алмайсың. Сұмдық! Не мысықтарына, не үйіне қарауға шамасы жоқ. Сасық болғаны соншалықғ иісі бүкіл үйге жайылған. Тазалық жоқ жерде ауру да тарайды ғой», — деді Анастасия Радаева.
Пәтерден қоқыс та талайдан бері шығарылмаған. Соның кесірінен шыбын қаптаған. Қазірғ әсіресеғ төменгі қабатта тұратындардың мазасы қашып отыр
«Жазда үйдің төбесінен қара су ақты. Бәрін жөндеп, үстімдегі көршіге бардым. Үйін көріп шошыдым. Адам тұратын жер емес сияқты. Мысықтар еденге үлкенді-кішілі дәретіне дейін сындырған. Бір шара қолдану керек. Көршілері талай рет 102 шақырған. Поицейлер пәтер иесіне тек айыппұл сала алатынын айтыпты. Ал бүгін келген тәртіп сақшыларына қария есігін ашпай қойды», — деді Ирина Лобода.