Риддерде жанып жатқан пәтерден ер адам құтқарылды

23 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт сөндірушілер түтін басқан пәтерден үй иесін аман алып шығып, оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Өрт 10 шаршы метр аумақта өшірілді.

Төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды және отпен абай болуды ескертеді.

Тэгтер:

пәтер өрт Риддер