Ай адам ұйқысына тікелей әсер ететіні дәлелденді

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Жапон және америкалық зерттеушілердің жаңа мәліметтеріне сәйкес, Ай толған түні адамдар орта есеппен бір сағатқа аз ұйықтайды, ал ағзадағы мелатонин деңгейі төмендейді. Ай сәулесі мидың белсенділігіне әсер етіп, ежелгі биологиялық ырғақтарды оятады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл құбылысты алғаш рет 2013 жылы швейцариялық ғалымдар анықтаған: толық Ай кезінде адамдар 20 минутқа аз ұйықтап, баяу ұйықтай бастаған. Ми белсенділігі 30%-ға төмендеп, «түнгі тыныштық гормоны» саналатын мелатонин деңгейі күрт азайған.

Жарық, соның ішінде Ай сәулесі де, мелатонин түзілуін тежейді. Яғни Ай – түнгі тыныштығыңызды ұйқыдан оятып қоятын табиғи «жарық дабылы».

Кейін Вашингтон университетінің ғалымдары бұл әсерді зертханадан тыс жерде сынап көрді. Олар Аргентинадағы үш түрлі өңірдің тұрғындарын бақылады: қала шетіндегілерден бастап электр жарығы жоқ ауылдарға дейін.

Қатысушылардың бәрі ұйқы фазасын өлшейтін білезік таққан. Нәтиже біркелкі болды: полнолуние алдындағы түндері адамдар аз ұйықтап, ұйықтау уақыты ұзарады. Бұл – көшедегі шам бар-жоғына қарамастан байқалған табиғи заңдылық.

Ғалымдар бұл құбылысты ежелгі бейімделудің белгісі деп санайды. Бұрын түн жарық болғанда адамдар сол қосымша сағаттарды аңшылыққа, жиналысқа немесе рәсімдерге пайдаланған. Айдың шығуы – «белсенділік уақыты» деген белгі болған.

Қазір сол орынды смартфон экраны басқанымен, біздің денеміз әлі де сол ежелгі ырғақпен өмір сүреді.

Толған Ай ұйқыңызды бір сағатқа қысқарта алса, смартфон немесе ноутбук экраны не істейді деп ойлаңыз. Түнгі жарықпен күрестің басты ережесі сол күйі қалды: шамды өшіріп, экраннан алыстатыңыз, денеңізге тыныштық беріңіз.

Тэгтер:

ай ұйқы әсер толған ай