Қанат Айтбаев: Димаштың Нью-Йорктегі концертіне 15 елдің АҚШ-тағы елшісі келді

Бүгін, 17:45 / Інжу Әлихан
dimashnews.com

Қанат Айтбаев Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен концертіне 15 елдің елшісі келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Концерт біткеннен кейін 15 елдің АҚШ-тағы елшісі келіп, Димаш­пен аман­дасып, құттықтады. Бір-бірімен араз елдердің де өкілдері қатар тұрып, құт­тықтағанын көргенде риза боласың. 

Димаш бала күнінде: «Мен үлкен сахналарда мыңдаған көрерменнің ал­дында ән айтамын» дейтін. Ол әлемнің ең танымал сахнасында ән айтып, тағы бір арманына қол жеткізді», – деді Қанат Айтбаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Қанат Айтбаев «Túrkistan» халықаралық газетіне көлемді сұхбат берген болатын.