Димаштың әр концерті менің батаммен басталады – Қанат Айтбаев

Бүгін, 16:54 / Інжу Әлихан
Жеке парақшасынан

Әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі, «Димаш-Әли» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев «Túrkistan» халықаралық газетіне берген сұхбатында ұлының Нью-Йорк пен Мехикода өткен концерттерінің ерекшелігі туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Димаштың концертке шығар алдында қандай күйде болатынын айтып берді.

 «Әр концерт менің батаммен басталады. Өзі де соны күтіп тұрады. «Алла жар болғай, ата-бабаңның аруағы қол­дап, концертің сәтті өткей. Халықтың ықыласына, шапағатына бөленгейсің» деп батамды беремін. Әумин деп сахнаға беттейді», – деді Қ. Айтбаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Айтбаев «Túrkistan» халықаралық газетіне көлемді сұхбат берген болатын.