Қаржылық мониторинг агенттігі үндеу жасады

17 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды телефон және интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алаяқтар Агенттік атынан хабарласып, өздерін "заңгер" немесе "тексеруші маман" ретінде таныстырады, "сіздің ұйымға қатысты тексеру басталды" деген мазмұндағы жалған хабарламалар таратып жүр.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Агенттік мұндай хаттар жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Біз шот нөмірлерін, SMS-кодтар мен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейміз.

Алаяқтық схема қалай жүзеге асады:

Мұндай қоңыраулар көбіне психологиялық қысымға оңай түсіп, алдануға бейім келетін зейнет жасындағы адамдарға бағытталатынын ескеру қажет.

Егер сіз алаяқтардың нысанасына айналсаңыз:

Бұл ақпаратты туыстарыңызға, достарыңызға және әріптестеріңізге жеткізіңіз. Тек бірігіп әрекет еткенде ғана алаяқтарға тосқауыл қойып, әр азаматтың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Тэгтер:

алаяқтар үндеу Қаржылық мониторинг агенттігі