АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары "Proceedings of the National Academy of Sciences" журналында зерттеу жариялап, түнгі ұйқы кезінде жарықтың адам ағзасына тигізетін зиянды әсерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, тіпті бір түн бойы орташа жарық әсер ету ұйықтап жатқан адамның глюкоза деңгейін реттеуін және жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын бұзуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жүрек ауруларының, диабеттің және метаболикалық синдромның дамуына ықпал етуі мүмкін.
Мақала авторларының жазуынша, түнде жатын бөлмедегі жарықты мейлінше азайту немесе мүлде болдырмау өте маңызды.
Зерттеушілер ұйқы кезінде тіпті әлсіз жарықтың өзі жүрек соғысын жиілетеді, ал қалыпты жағдайда ол баяу болуы керек.
Жүрек ырғағын симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері басқарады, олар бірігіп вегетативті жүйке жүйесін құрайды.
Симпатикалық жүйе ағза мүшелерінің жұмысын күшейтіп, зат алмасу жылдамдығын арттырады және жүрек соғысын жиілетеді — бұл ағзаның сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуіне көмектеседі.
Парасимпатикалық жүйе керісінше әсер етеді — ағзаны тыныш күйге ауыстырып, қалпына келтіреді.
Сондықтан дәл осы парасимпатикалық жүйе түнгі уақытта ағзаның демалу және қалпына келу процесін реттейді, ал жарықтың болуы бұл тепе-теңдікті бұзады.