«Домбырашыларды босағаға отырғызбаңдаршы» — Маңғыстау облысының әкімі

Бүгін, 20:20 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы әкімінің әрекеті көпшілікті сүйсінтті,  деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі тележүргізуші Данияр Есен желіде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың видеосын жүктеді. Видеода әкім іс-шара ұйымдастырушыларына домбырашыларды босағаға отырғазбау жөнінде өтінішін айтқан.

«Былай болсын жігіттер, мен жүрген жерде өнер адамдарын мынадай қылып шеттетпеңіздер. !с-шара болсын, басқасы болсын, отырғызбаңыздар босаға. Бұл кісілердің орны төрде»,  - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Желі қолданушылары әкімнің бұл әрекетіне оң баға беріп жатты.

«Өте дұрыс айтады. Қазақтың қасиетті қара домбырасын қастерлеп, домбырашыларды төрге шығарып жатса несі жаман, құрметтеуге әбден лайықты», «Әп, Бәрекелді!! Алла разы болсын», «Дұрыс. Тойдада сол кіре берісте далада отырады ұлттық аспаптар. Ал гитара ямаха саксафон дегендер іште сахнада отырады», - деп бірауыздан әкімді қолдағандар пікір білдірді.

Тэгтер:

домбыра құрмет Маңғыстау облысы әкімі