Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертеді

Бүгін, 09:21 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында — көбіне орта және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде — тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратып, құжаттарды ұсынуға және «ынтымақтастыққа» шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сенім ұялату үшін бұл хаттар Қаржылық мониторинг агенттігінің жалған логотиптері бар жалған бланкілерге басылып, жалған мөрлермен бекітіледі.

Кейін олар өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы мәліметтерді алдап алуға тырысады.

Сондай-ақ жалған ҚМА қызметкерлері мессенджерлер арқылы азаматты тексеріліп жатқан тұлғалар тізімінде бар деп хабарлап, ақша бопсалау жағдайлары да тіркелген.

Азаматтардың шағымдарында жиі қайталанатын тегі: «Мыктыбаев», «Хамзин», «Жалимов», «Жалимбетов».

Ресми түрде хабарлаймыз: Қаржылық мониторинг агенттігі:

Азаматтарды мұқият болуға, арандатушылық пен алаяқтардың айласын елемеуге шақырамыз.

Күмән туған жағдайда 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (727) 279-20-86 нөмірі бойынша кезекші бөлімге дереу хабарласу қажет.

Тэгтер:

алаяқтық ҚМА