Астана қаласында учаскелік полиция инспекторлары "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс- шара барысында 40 мыңнан астам пәтер және 3 мыңнан астам жеке тұрғын үй тексерілді. Үй-үйді аралау кезінде азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу жағдайы анықталды.
Сонымен қатар жеке меншік қарудың заңды тіркелуі мен сақталу тәртібіне ерекше назар аударылды.
Тексеріс кезінде Қашаубаев көшесіндегі бір пәтерде 35 жастағы азамат қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылып, нәтижесінде заңсыз сақталған қару тәркіленді.
Аталған шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және полиция мен тұрғындар арасындағы өзара сенімді нығайту.