Талдықорғандағы балабақшада шу шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 15:33 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы балабақшада түсірілген видео тарап, көпшіліктің ашуландырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеода балаларға берілген тамақта, бәліш пен басқа да тағамдардың арасында тарақандар жүргенін көруге болады.

Аталған жағдайға қатысты Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы пікір білдірді.

«Басқарма мамандарымен аталған балабақшаға тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде жоспардан тыс тексеру тіркелді. Тексерудің қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылатын болады», – делінген хабарламада.

«Сұмдық қой мынау, сол үшін анда-санда айтпай барып тексеру керек», «Құдай сақтасын бұл қай балабақша екен, немерелерім балабақшаға барушы еді шошып кеттім ғой, сұмдық қой мынау», «Кұрт, тарақан, соңғы фото это нечто . Бәрін тексеру керек, жалмандап ақшаны алғанда сондай», «Сұмдық қой мынау, менің иттерім жақсы тамақ ишеді ғой», – деп жазды желідегілер.

Тэгтер:

Балабақша Талдықорған тарақан тамақ Happy Land