Жұмыста көз шырымын алу несімен пайдалы?

Бүгін, 11:58 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызметкерлер жұмыс барысында 15–20 минут ұйықтаса, сергіп, шаршағаны басылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сомнолог, медицина ғылымдарының кандидаты София Черкасованың айтуынша, үлкен жүктемемен жүрген, шаршаған адам үшін күндізгі қысқа ұйқы өте пайдалы. Бұдан бөлек, мұндай демалыс күнді тиімді аяқтауға мүмкіндік береді.

«Күндізгі ұйқыдан кейінгі әлсіздіктен қорқудың қажеті жоқ, себебі ол әдетте 40 минуттан асатын ұйқыға тән. Power nap (қысқа ұйқы – ред.) тәжірибесін енгізген батыс компаниялары оның қызметкерлердің креативтілігін және интеллектуалдық жұмыс қабілетін арттыратынына көз жеткізді», – деді София Черкасова.

Тэгтер:

жұмыс ұйқы шаршау