Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

21 тамыз, 2025 / Ербұлан Қайрат

Қарағандыда дәстүрлі Тамыз кеңесінде кітап оқуды насихаттауға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты білім мен зияткерлік дамудың негізгі көзі ретінде нығайтуға бағытталған ауқымды «Кітап оқитын ұлт» мәдени-ағартушылық жобасы таныстырылды.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында айтылған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда және Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына шығаруды мақсат етеді.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында халықтың әртүрлі топтарын кітап оқу мәдениетіне тартуға бағытталған байқау бастау алады. Байқау алты бағыт бойынша өткізіледі: 

Әрбір бағыт үшін сарапшылар мен тиісті сала өкілдерінің ұсыныстары бойынша әр бағытқа сәйкес 15 кітаптан тұратын тізім әзірленді. Жалпы тізімге «100 кітап» Жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде таңдалған шығармалар енді.

Әр санаттағы кітаптар тізімі қатысушылардың жас ерекшелігіне сәйкес бейімделіп әзірленді. Мысалға, «Кітап оқитын мектеп» бағытында  6-10 сынып оқушыларына арналған әр бір сыныпқа 15 кітаптан, жалпы 75 кітап тізімі дайындалды.

Қатысушылар тізімдегі кітаптарды оқып, шығармашылық тапсырмаларды орындап, зияткерлік сайыстарға қатысады.

Жоба 2025 жылы Қарағанды облысының тұрғындарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және оқуға деген тұрақты әдетті қалыптастыруға ықпал ете отырып, 45 мыңнан астам тұрғынды қамтуды жоспарлап отыр.

Байқаудың негізгі ұйымдастырушылары – «AMANAT» партиясының қолдауымен, «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» Қоғамдық қоры және Қарағанды облысының әкімдігі. Бас демеуші – Alageum Electric компаниясы, ал аймақ бойынша серіктес – «RGB Grouр» компаниясыболып табылады.

Қордың атқарушы директоры Аян Сакошев жобаны таныстыра отырып, оның ұлттың рухани және зияткерлік дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Біздің миссиямыз – Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына қосу. «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың рухани ағартушылық пен елдің зияткерлік дамуына бағытталған стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Біз барлық жастағы топтардың қызығушылықтарын ескеріп, шабыттандыратын және жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін кітаптар ұсындық», — деп атап өтті А. Сакошев.

Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқу мәдениетін қалыптастыруды ұлттық дамудың басты факторы ретінде атап өтіп, соған сәйкес білім беру ұйымдарында кітапхана сервистерін дамытып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды кітап оқуға белсенді тартуға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыруды тапсырды.

Байқау 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейін жалғасады. Әрбір бағыттағы жеңімпаздар келесдіей жүлделерге ие болады: 

Қарағанды облысының тұрғындарын, оқушыларды, студенттерді, педагогтерді, мемлекеттік қызметкерлер мен отбасылық әулеттерді «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуға шақырамыз. 

Байқауға қатысып, білім әлемін ашыңыз және Қазақстанда оқу мәдениетін ілгерілетуге бағытталған жаһандық миссияның бір бөлігі болыңыз!

Тэгтер:

Қарағанды облысы кітап