Демалыс күндері ұйқы режимін бұзудың зор қаупі бары анықталды

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Демалыс күндері ұйқы режимін бұзу – кең таралған ұйқы апноясын ұйықтап жатқанда тыныс алмай қалу) күшейтуі мүмкін. Австралияның Флиндерс университеті жүргізген жаңа зерттеу бұл құбылысты «әлеуметтік апноэ» деп атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлемде шамамен 936 миллион ересек адам обструктивті ұйқы апноясынан зардап шегеді. Ауру тыныс жолдарының ұйқы кезінде қайта-қайта жабылып қалуымен сипатталады. Бұл түнгі тыныс үзілуіне, қатты қорылға, күндізгі шаршауға және ұйқының жиі бөлінуіне әкеледі.

Зерттеушілер 70 мың адамның матрас астына қойылған арнайы құрылғымен тіркелген ұйқы деректерін талдады. Нәтижесінде, сенбі күндері орта немесе ауыр деңгейдегі ұйқы апноясы сәрсенбіге қарағанда 18%-ға жиі байқалған.

Демалыста түнде кеш жату немесе таңертең ұйқыны ұзарту аурудың асқынуына ықпал етеді. Мысалы, демалыс күндері әдеттегіден 45 минут артық ұйықтау ауыр ұйқы бұзылу қаупін 47%-ға арттырған.

Жасы 60-тан асқан адамдарда демалыс күндері ұйқы апноясы қаупі 7%-ға, ал 60-қа толмағандарда 24%-ға жоғарылаған.

Мамандардың айтуынша, ұйқы апноясын дер кезінде емдемесе, ол жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті, инсульт, депрессия және деменция қаупін арттыруы мүмкін. Демалыс күндеріндегі ұйқы режимінің бұзылуы бұл қауіптерді одан әрі күшейтуі ықтимал.

Тэгтер:

ұйқы режим ұйқы апноясы