Алматыда ер адам батпаққа батып кете жаздады

14 тамыз, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Алматы қаласының Түрксіб ауданында Майлин көшесінің бойындағы көлде ер адам батпаққа батып кете жаздады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқару операциясын жүргізу үшін оқиға орнына ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның жедел тобы жіберілді.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, ер адамның көлдің батпақты бөлігінде тұрып қалғанын және өздігінен шыға алмай жатқанын анықтады.

Зардап шеккен азамат құтқарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

 

Тэгтер:

көл батпақ бату