Ақтаулық жүргізуші екі бала жетектеген әйелді қағып кетті

Бүгін, 10:58 / Алуа Арман
Фото: Lada.kz

Оқиға 10 тамыз күні сағат шамамен 21:10-да болған. Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды екі баласымен бірге қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға салдарынан балалар жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әйел адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді.

Жол ережесін бұзған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша «Жол жүрісі қағидаларын бұзу, зиян келтіруге әкеп соққан» фактісімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан екі бала травматология бөліміне жатқызылған.

2018 жылы туған баланың миы шайқалған. Оның жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда.

2023 жылы туған екінші зардап шегуші орнынан жылжып кеткен жамбас сүйегі сынған. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, себебі ол ауыр жарақатпен байланысты. Дәрігерлер бекітілген емдеу хаттамасына сәйкес көмек көрсетуде.

Тэгтер:

Бала көлік Ақтау Әйел Көше қағып кетті