Санжарәлі Бегалиев Азия чемпионатында топ жарды

Бүгін, 14:40 / Алуа Арман
olympic.kz

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Рахматулло Бойматовпен (Өзбекстан) қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ал Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

Тэгтер:

Чемпион Азия чемпионаты жеңімпаз алтын медаль Санжарәлі Бегалиев