Жас шахматшылар әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Бүгін, 12:29 / Інжу Әлихан
instagram

АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Александрия қаласында өткен 2025 жылғы мектеп оқушылары арасындағы шахматтан әлем чемпионатында РФММ (Алматы) құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеке есепте де оқушылар жарқын өнер көрсетті: Иманғали Ақылбай алтын медаль жеңіп алса, Эдгар Мамедов пен Зарина Нұрғалиева қола медаль иегерлері атанды.

FIDE World Schools Team Championship 2025 аясында өткен бұл додаға 48 елден 55 команда қатысты.

2025 жылғы мектеп командалары арасындағы әлем чемпионы атағын Velammal MHS School (Ченнай, Үндістан) жеңіп алды. Олар 14 командалық ұпай жинады, бұл нәтижеге ешбір қарсылас жете алмады.

Тэгтер:

әлем чемпионаты АҚШ күміс шахмат