Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуін танымал қазақ чемпионымен не байланыстырады?

1 тамыз, 2025 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның үшінші жұбайы Нұржан Иманәлиев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ чемпионымен түскен суретін жүктеп, жұртты ойға салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол парақшасында қазақ файтері, UFC-дің бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұловпен бірге түскен суретін инстаграм парақшасының Stories-іне салып, «Чемпион» деп жазған.

Мұны көрген желі қолданушылары спортшы мен қылмыс әлеміне қатысы бар деген Нұржан Иманәлиевті не байланыстыратынын түсінбей, екі ойға салынған.

Еске салайық, биылғы 28 маусымда Жалғас Жұмағұлов Oktagon 73 турнирінде Бено Адамиамен кездесіп, жеңіске жетіп, Oktagon лигасының чемпионы атанған.

 

Тэгтер:

спортшы Чемпион Айнұр Тұрсынбаева Жалғас Жұмағұлов Нұржан Иманәлиев